Белгілі бизнесмен Қанат Көпбаев, байлардың салығын өсіру туралы салық кодексіне ұсыныстарға пікір білдірді. «Kusto group» co founder, «Бәйге федерациясының» президенті Қанат Шоқанұлы Айкерім Есенәліге берген сұхбатында табысы аса жоғары тұлғалардың салығын өсіру туралы депутаттардың ұсынысына қатысты өз ойын ашық айтты. Бизнесмен салық өссін, бірақ оның да шегі болу керек, - дейді. «Франция мен Англияда байлық салығы өсті, миллионерлердің барлығы шетелге қашып жатыр. Елдің барлығы Дубайға көшіп жатыр» - деп мысал келтіре кетті. Біздің елде ешкім қашады деп айта алмаймын, салық ол елге, халыққа жұмсалатын қаржы, ол өссе жақсы, бірақ не нәрсенің шегі болғаны дұрыс, - деп толықтыра кетті ол.
Айта кетейік, Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұрған кәсіпкер. Сұхбатта әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері, өз жарымен қарым-қатынастары, балаларға қалдыратын мұра мен тәрбие туралы айта кетті.