$515.03 €584.82 ₽6.24
×

«Еркектің жетісі 50 пайыз әйелге байланысты», - Қанат Көпбаев

AstanaTV
25.04.2025ж. 18:39
103
«Еркектің жетісі 50 пайыз әйелге байланысты», - Қанат Көпбаев

Ер азаматтың жетістікке жетуі әйелге байланысты, белгілі бизнесмен Қанат Көпбаев журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында осы пікірін тарқатып айтты.

Ер адам жетістікке жету үшін әйелі не істеу керек деген журналисттің сұрағына Қанат Шоқанұлы - «Ол көмекші де, психолог та, тыңдаушы да бола білуі керек. Отбасында жылуды сақтап, балаларға қарай білуі керек. Біз сыртқа кеткенде үйде бір жағдай болса, елеңдеп отырмау үшін олар тыл болуы керек»- деп жауап берді. «Келіншегін үйден шығармайтын кейбір ер азаматтардың бұл ісі дұрыс емес, менің әйелім мысалы менімен іссапарға барады.Балалар мен әйелімде бірге алып жүремін, бірге уақыт өткізіп, барлығын үйлестіре білу керек», - дейді бизнесмен.

Айта кетейік, Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұрған кәсіпкер. Сұхбатта әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері, өз жарымен қарым-қатынастары, балаларға қалдыратын мұра мен тәрбие туралы айта кетті.