Қарағанды облысында ауыр көлік жүргізушісі трассада өлі күйде табылды. 41 жастағы ер азаматтың мәйітін жолдағылар көрген.
Көлік Ақшатау кентінің маңындағы дәмхананың алдында тоқтап тұрған. Жүргізуші кабинаның ішінде жан тапсырыпты. Марқұмның Ақтөбе тұрғыны екені анықталды. Алдын ала болжам бойынша ол өзіне өзі қол жұмсаған. Нақты себебін полиция анықтап жатыр.