$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Астанада ер адамды көлік қағып кетті

AstanaTV
25.04.2025ж. 20:00
98
Астанада ер адамды көлік қағып кетті

Астанада ер адамды көлік қағып кетті. Жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтуге тырысқан. Ол жедел жәрдем қызметімен №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жеңіл ми шайқалу диагнозын қойды. Қазір науқас үйіне жіберіліп, амбулаториялық ем алу ұсынылды. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтап, мұқият болуға шақырады.