$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

AstanaTV
25.04.2025ж. 20:00
110
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Бүгін Қазақстан футбол федерациясы UEFA қауымдастығының мүшесі болған күн. Атаулы датада Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді. Сондай-ақ Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. UEFA президенті Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Бүгінде аталмыш спорт түрі елімізде бұқаралық сипат алды. Себебі 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.