Көшедегі бейнебақылау камераларына жасанды интеллект қолдана бастады. Бұл қылмыскерлерді дер кезінде ұстап, іздеуде жүрген азаматтарды табуға көмектеседі. Яғни, камера адамның бейнесін сканерден өткізіп, оның кім, қайдан екенін бірден анықтай алады. Әсіресе, мектеп, балабақша секілді мекемелердің жанына орнату көзделген. Күдік тудыратын адамды көзге іліксе, бірден белгі берілді.
АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Балабақшадағы, басқа да камералар осы жасанды интеллектімен қамтылатын болса онда, мысалы, сотталған адамдар болады, мынау педофил, мынау зорлық-зомбылыққа біршама жақын екен, соттың шешімі бар, басқа дейтін болса, анау кісі мектепке жақындайтын болса қызыл лампа жанып, ол жерге полиция қызметкері жетіп келуі керек.
Қазақстан - ТМД елдері арасында жасанды интеллект туралы арнайы заң жобасын әзірлеген алғашқы ел. Саланының дамығаны жақсы. Бірақ оның кері тұстары да байқалып жатыр. Алаяқтар интернет арқылы білгенін істеуге көшкен. Жауаптылар бұл мәселеден құтылу үшін мұны мықты меңгерген мамандар қажет дейді. Сол үшін алдағы 5 жылда 1 миллион адамды оқытуды жоспарлап отыр. Оның 500 мыңы – оқушы.
ҚАНЫШ ТӨЛЕУШИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
300 мың студентті де оқытамыз. Оқу бағдарламасы бірнеше жоба арқылы жүзеге асады. Тек оқушы, студенттермен шектелмейді. 90 мың мемлекеттік қызметкерді де қамту жоспарда бар. Сондай-ақ 80 мың кәсіпкер саланы меңгеріп шығады.