Мектептегі білім сапасы мен болашақ ұрпақтың тәрбиесі көбіне әйел басшыларға байланысты. Бұл туралы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі «AMANAT» партиясының қолдауымен Астана қаласы мен өңір мектептерінің әйел-басшыларына арналған семинарда айтылды. Себебі, мектеп директорларының, партияның бастауыш ұйымдарының басшылары мен мүшелерінің басым бөлігі – әйел. Жиында мектептерді халықаралық аккредиттеу тәжірибесі және білім сапасын қамтамасыз ету тақырыбы талқыланды. Бұдан бөлек, семинарда Партияның Әйелдер қанаты жүзеге асырып жатқан «Әйел аманаты» жобасының негізгі мақсаттарының бірі – әйелдер көшбасшылығын дамыту және олардың білім беру мен қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру мәселесі де қаралды.
ЕЛДОС НҰРЛАН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Жалпы мектептер арасында аккредиттеу бұрын халықаралық мектептердің арасында жүрген болса, қазір енді жалпы мынау білімге ұмтылған мектептердің де ішінен мұндай ұмтылыстар пайда болуда. Бұл маңызды. Өйткені түптеп келгенде бізге орта білімнің сапасын артқаны керек.