Атырау облысындағы орташа жөндеу жүріп жатырған Доссор - Құлсары тас жолы бойында партиялық бақылау бекеті ашылады. Оның өзіндік себебі бар. Мердігер компания жөндеуді бастап, орта жолда тастап, жүргізушілердің ашуын туғызды. «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңесі тас жол бойында көшпелі отырыс өткізіп, жауапты мекеме басшылығына халыққа қолайлы жағдай жасау ұсынды.
Доссор - Құлсары тас жолына орташа жөндеу былтыр күзде басталды. Мердігер компания қазан айында 15 шақырымының бетін қырып, жұмысты тоқтата салған. Жол азабын көрген жүргізушілер ашулы. Әр өткен сайын көліктің дөңгелегі жарылып, жүріс бөлігі сынып, әбден шаршағанын айтып шағымданған. Жөндеу жұмыстары биыл наурыз айының ортасында ғана жалғасты. Республикалық жолдың тәуліктік жүктемесі - 3 мың. Бірақ 7 мыңнан астам көлік өтеді. Маңыздылығын ескеріп, халықтың үніне құлақ асқан кеңес мүшелері арнайы келді.
ЕРЛАН САИРОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Машина жүрген кезде егер жол болмайтын болса оның дөңгелегі бар, жүріс бөлігі бар өте қымбат. Сондықтан бізде мемлекет жол істеген кезде халқымыздың тыныштығын сақтап, материалдық тұрғындан халыққа ешқанай зиян келмейтіндей жағдайға жетуіміз керек. Бүгінгі көшпелі отыыстың ең негізгі мақсаты - осы. Осы жолдың, жол жөндеу жұмыстардың сапасын аманат партиясының бекеттер бақыап отыратын болады. Осы жерде бақылау бекеттері құрылатын болады.
Мердігер мекеме басшылығы болса, ойланбай шешім шығарып, халыққа қолайсыздық туғызған сол кездегі жауапты топты жұмыстан шығарғанын айтып отыр. Енді көлік қозғалысына кедергі келтірмейміз,- деп ақталды. Айтуынша, жол құрылысының уақытында жүрмеуіне инертті материалдардың кешігуі мен битум тапшылығы себеп болыпты.
ҚАНЫШБЕК ШАҚАРБАЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ:
Қырылған жолдың бөлігі 8,5 шақырым. 8,5 жарым шақырымның 4,5 жасалып тұр. Қалғаны 4 шақырым. Осы 4 шақырым біткеннен кейін тағы да бізде 1 шақырым бар қырылатын. Бірақ келесі кезекте халыққа қолайсыздық жағдай туғызбау үшін біз қырып, 2 күннің ішінде оны асфальт жабындысымен жабуға тырысамыз. Өйкені “Қзавтожолдың” бізге беріп оытрғн регламенті солай. 2 күннен артық ашық тастамау.
Көшпелі кеңес Атырау-Астрахань автожолында да өтті. Қайта жаңарту жүріп жатқан халықаралық жол құрылысында да проблема бар. Мерзімінде аяқталуын жергілікті мәслихат депутаттары бақылауда ұстайды.