$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алу семинары өтті

AstanaTV
25.04.2025ж. 20:00
317
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алу семинары өтті

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алу семинары өтті. №69 жалпы білім беретін мектеп оқушылары халық қаһарманының өмірінен бірнеше қойылым сахналап, көрерменнің жүрегін елжіретті. Бауыржан Момышұлы атындағы Жамбыл облыстық мемориалдық мұражайына онлайн байланыс арқылы саяхат жасалды. Іс-шараның мақсаты – өр рухты батырдың өмір жолын еске алу арқылы жастарға отансүйгіштікті көрсетіп, рухани жігерлендіру.

МАДИНА АЙДАРҚЫЗЫ, №69 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Республикалық семинар телекөпірде сахналық қойылымдар, яғни Бауыржан мен Мұқағалидың кездесуі, сонымен қатар, оқушының ұлтжанды сезімін ояту мақсатында патриоттық әндер айтылды.


Семинарға әскери қайраткерлер мен батырдың көзін көрген азаматтар қатысты. Бауыржан Момышұлымен тілдесу бұйырған жандар майдангер жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

ӘБДІРАХЫМ КЕНЖЕБАЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Бауыржан Момышұлын көрдім, көргем бірнеше рет. Мектептен келе жатқанда сол жерде 2-3 баламыз сол жерде тұратын, келіп қол алып аманадсамыз, сонда бізге қарайтын. Түсі сондай суық болатын, ал бірақ негізі өте жұмсақ, жүрегі жұмсақ адам. Амандасқан кезде қарайды да, арқаңнан ұстайды, біреуіміздің басымыздан сипап сөйтіп жіберетін.