Алматы облысы Түрген ауылындағы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектепте ата-аналарға арналған «Білім – бақыт бастауы – 2025» атты мерекелік форум өтті. Шара барысында бір жылдық жетістіктер сараланды. Форумға белгілі педагог-ғалымдар, оқытушылар, денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысып, бала тәрбиесі мен білім беру саласындағы өзекті мәселелер жайында баяндама жасады. Ата-аналарға арналған арнайы тренингтер ұйымдастырылып, тиімді тәрбиелік орта қалыптастырудың жолдары ұсынылды. Сонымен қатар мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрсетіліп, белсенді ата-аналар мен үздік оқушылар марапатталды.
ШАРА КАЛЫКОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Білім сапасына қол жеткізу үшін оқушыларымызға ең алдымен жаңағы тәрбиесіз білім болмайды дейді ғой. Бүгінгі тілге тиек болып жатқаны құндылығын сіңіре отырып, өйткені бұл мектеп таза қазақ мектебі. Сол ұлттық құндылықты сіңіре отырып, болашақтың адамын тәрбиелеу. Соның барлығын жаңағы ата анамен бірге қоян қолтық атқару.