$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Балаларға кәсіптік бағдар беріледі

25.04.2025ж. 20:00
145
Балаларға кәсіптік бағдар беріледі

Енді балаларға балабақшадан бастап кәсіптік бағдар беріледі. «Жұмысшылар жылында» мұндай бастаманы алғашқылардың бірі болып Қызылордадағы «Бегім ана» балабақшасы қолға алды.

«Кішкентай шеберлер» қызмет көрсету аймағы үлкен топтағы бүлдіршіндерге арналған. Ашылу салтанатына Қамқоршылық кеңес, "Аялы алақан" аналар, "Шапағат әкелер", "Тұмар әжелер"   мектебінің өкілдері қатысты. Мұнда балаларға аспаздық, тігінші мамандықтарының әліппесі үйретіледі. Ас мәзірін әзірлеп, тәрбиешілердің нұсқауымен түрлі тәттілер дайындайды. Негізгі мақсат мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, еңбекке баулу.