«Астана есірткісіз қала» челленджін қолдап, жасөспірімдер флешмоб өткізді. Бас қалада өткен шара "Заң мен тәртіп" қағидасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылды.
Флешмобқа 9 және 11 сынып оқушылары қастысты. Солардың бірі - Жұлдыз Ербол. Есірткіге қарсы челленжді қолдап, Жалғызқұдық ауылынан Астанаға арнайы келген.
ЖҰЛДЫЗ ЕРБОЛ, ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Біз неге күн болып тұрамыз өйткені егер наша қолданбайтын адам. Егер біздің қоғамда нашақорлық болмаса әр адамға күн сияқты, шуағын шашып жайнап жүреді деп ойлаймын.
Игі бастама - жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және спорттық-шығармашылық бағыттағы өмір салтын қолдауға бағытталған.
ТЕМІРЛАН МАҚҰБАЕВ, ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Қаладағы әр мектептен 10 оқушы қатысып отыр. Жейделердің түсін жасыл етіп таңдадық. Флешмобтан соң тазалық жұмыстарын атқаратын боламыз. Осы арқылы экологияға да үлесімізді тигізгіміз келеді.
Жасөспірімдерге есірткі заттарын ұсынған жағдайда олардың «жоқ» деп жауап бере алуы маңызды дейді – ұйымдастырушылар. Себебі нашақорлық көбіне 16- 25 жас арасындағы жастарға жиі жарнамаланатын көрінеді. Осы ретте бұл дертпен қоғам болып күресу маңызды.
ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен бірге 200-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Сондай-ақ іс-шаралардың барлығы «Заң және Тәртіп» қағидасы аясында.
Есірткіге қарсы акциялар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.