$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Қарағанды абақтысында сотталған азамат Әлия Молдағұлованың портретін салды

AstanaTV
25.04.2025ж. 20:00
149
Қарағанды абақтысында сотталған азамат Әлия Молдағұлованың портретін салды

Қарағандыда сотталушы  Әлия Молдағұлованың портретін салды. Туынды Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналады. Қазақтың батыр қызын  Олег есімді азамат бейнелеп шыққан. Сотталушы бір көзі көрмейтініне қарамастан Әлияның портретін өте шебер салып шыққан. Айтуынша, оқушы кезінен Ұлы Отан соғысының батырларына деген құрметі ерекше. Сондықтан туындыны салу қиынға соқпапты. Олег жарты жылдан соң бостандыққа шығады. Өмірін осы суретпен байланыстырып, үйлердің қабырғаларын безендіруді армандайды.    

ОЛЕГ, ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ №35 ОРТА ҚАУІПСІЗДІКТЕГІ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Мен кеңестік мектепте оқыдым, біз соғыс батырларын бала кезден мектепте оқып біліп, олардың ерлігіне тәнті болатынбыз. Сондықтан басшылық Әлия Молдағұлованың портретін кім салады дегенде бірден мен саламын деп ниет білдірдім. Сурет салуға бейімім болғандықтан, маған ол қиын емес.