Астанада жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 25 сәуір күні түстен кейін Пушкин көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Sinotruk жүк көлігімен соқтығысқан. Екі жүк көлігі де отқа оранды.
"Mercedes салонындағы өртті сөндіру кезінде жүргізушінің мәйіті табылды. Ол сол жерде қайтыс болды. Екінші жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеді. Ол өртке дейін көліктен секіріп, салоннан шығып үлгерді", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.