Ақмола облысы Атбасар қаласында 2022 жылы туған бала көп қабатты тұрғын үйдегі өз пәтерінде қамалып, жалғыз қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шақыру орнына келген ТЖМ құтқарушылары үш сатылы баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді. Бала анасымен аман-есен қауышты", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖМ тұрғындарды өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қараусыз қалдырмауға шақырады!