Журналист Ләйлә Сұлтанқызы таңертең жұлдыз болып ояну үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біздің жастық шағымыз 90 жылдардың соңы 2000 жылдың басына тұспа-тұс келді. Ол кезде әндердің қалай жазылатынын өз көзіммен көрдім. Студияда жазатын еді. Ол кезде бәрі Ринат Гайсинге баратын. Қазір кішкене басқаша. Желі арқылы тез танымал болуға болады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ол қазіргі буында мүмкіндік көп екенін атап өтті.
«Телефондағы камераңызды қостыңыз, өзіңізді түсірдіңіз, видеоны жеке аккаунтыңызға жүктедіңіз, бітті. Таңертең жұлдызсыз. Бастысы талант, шынайылық», - дейді ол.