Атырау облысында жыл басынан бері 400-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 25 адам мерт болып, жарақат алғандар саны 600-ден асқан, - деп жазды KAZINFORM
Атырау облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Шахметовтің айтуынша, мұнайлы өңірде адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы азаймай тұр.
– Мәселен, жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 400-ден асты. Жол апатынан 25 адам қаза тапты. Ал 600-ден астам адам түрлі дене жарақатын алды. Тас жолда тіркелген жол апаттарының бәрі адами фактордың саладыран болып отыр. Көлік жүргізушілері өзіне жолаушылардың өмірін сақтау үшін жауапкершілік жүктелетінін сезінбейді, -дейді Әділбек Шахметов.
Оның дерегіне қарағанда, жол-көлік оқиғаларының бірнеше себебі анықталған.
– Біріншіден, жүргізушілер белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырады.
Екіншіден, рульде келе жатып, мобильді телефонды қолданады.
Үшіншіден, маневр жасау талаптарын бұзады.
Төртіншіден, балаларды арнайы құрылғысынсыз тасымалдайды.
Ең басты фактор – жолда жүру қағидаларын сақтамай, діттеген жерге тез баруға асығу. , -деп мәлім етті Әділбек Шахметов.