$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Әлемдік футбол жұлдыздары Астанада ағаш екті

AstanaTV
26.04.2025ж. 10:00
85
Әлемдік футбол жұлдыздары Астанада ағаш екті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында футбол аңыздары Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон ботаникалық бақтың аумағына көшет отырғызды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бәріне сәлем! Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қостық. Экологиялық көгалдандыру жобасы жалғасады деп шын жүректен үміттенемін. Алдағы уақытта қайта оралғанда мұнда ағаштың көп болғанын көргіміз келеді, - деді Кристиан Заккардо.

Әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызының сөзін әріптесі Дуглас Майкон да қоштап, тазалық акциясы туралы өз ойымен бөлісті.

Сәлем балалар! Мен Қазақстанға келгеніме қуанып отырмын, мұнда алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай іс-шараға қатысу маған ләззат сыйлайды. Барлығына рақмет! Біз әлі де оралып, қаланы одан да жасыл кейіпте көреміз деп үміттенеміз, - деп атап өтті Дуглас Майкон.