Рим Папасының жерлеу рәсіміне мемлекет басшылары, дін қызметкерлері мен монахтар ғана емес, сонымен қатар босқындар, үйсіздер және тіпті түрмедегі адамдар да қатысты, деп хабарлайды BBC.
BBC тілшісі Сара Рейнсфорд атап өткендей, Папа Франциск Италиядағы түрмелерге жиі барған, сондықтан кейбір тұтқынның жерлеу рәсіміне қатысуы үшін арнайы шаралар қабылданған.
Жерлеу рәсіміне көптеген жас католик те барды.
— Біз кілемшелер мен ұйықтау қаптарын алып, осында 400 адам болып түнедік, — деді алаңға бірінші болып кіруге тырысқан 22 жастағы Жан-Батист Леклезио AFP-ке берген сұхбатында.
Римге Папа Францисктің жерлеу рәсіміне көптеген әлемдік көшбасшы барды, олардың қатарында Украина президенті Владимир Зеленский жұбайы Еленамен және АҚШ президенті Дональд Трамп жұбайы Меланиямен болды.
Зеленскийдің ұшағы жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де Римге қонды.
Сондай-ақ Ватиканға АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден жұбайы Джиллмен барды.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.