Баланың жағдайы оңалып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Cәуле Шәкенева 2025 жылдың 19 наурызынан бастап балалар үйінде жатқан төрт айлық сәбидің жағдайы туралы айтты.
– Сәби отбасында алған жарақаттары салдарынан екі рет облыстық балалар ауруханасынан шығарған сәттен бастап балалар үйіне орналастырылған. Бүгінде баланың жағдайында тұрақты, оң динамика байқалады, – дейді Cәуле Шәкенева.
Заңды өкілге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, материалдар соңғысының құқықтарын шектеу үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.