$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Абай облысының тұрғындары 3,3 млрд теңге үнемдейді

AstanaTV
26.04.2025ж. 21:14
121
Абай облысының тұрғындары 3,3 млрд теңге үнемдейді

Абай облысының прокуратурасы монополистерді жылу тарифтерін төмендетуге міндеттеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2022 жылдан бастап облыста жылумен қамтамасыз ететін 7 бірдей ұйым мемлекеттен 3,3 млрд теңге мөлшерінде субсидия алған. Ал заңнама талаптарына сәйкес, жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуі тиіс.

"Прокурорлық тексерістің нәтижесінде жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді. Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті", – дейді прокурорлар.

Осылайша алдағы үш жыл ішінде тұтынушылар 3,3 млрд теңге үнемдейді.