СҚО, Ақмола облысы және Астана қаласының құтқарушылары мен полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Қызылжар ауданы Прибрежное ауылымен көлік қатынасын қамтамасыз етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықты тасмалдау үшін 13 жүзу құралы жұмылдырылды.
Айта кетсек, бұған дейін ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежное, Ольшанка ауылдарында, сондай-ақ Петропавл қаласының Заречный кентінде су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеген болатын.
Ведомство басшысы ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының күштері, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп қорғаныс құрылыстарын нығайту, су айдау және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тасқын сулардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралармен танысты.
Су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, ахуалға мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылуда.