$515.03 €584.82 ₽6.24
×

СҚО-да танысының отбасылық құпиясын таратқан ер адам сотталды

AstanaTV
26.04.2025ж. 21:49
145
СҚО-да танысының отбасылық құпиясын таратқан ер адам сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында жеке өмірге қол сұғу ісі бойынша үкім шығарылды. Айыртау аудандық соты ер адамды төрт жыл бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, ер адам танысының ұялы телефонын ұрлап, кейін мессенджер арқылы оның жеке және отбасылық өміріне қатысты деректерді таратып жіберген.

Азаматтың бұл әрекеті үшін ол төрт жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура өкілдері бөтен адамның жеке деректерін оның келісімінсіз тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігіне сәйкес, мұндай әрекет үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары, интернет немесе телекоммуникация желілері арқылы жарияланса, жаза мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұлғаяды.

«Жеке өмір мен отбасылық құпияға қол сұғылмау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Бұл құқықтың сақталуы прокуратураның тұрақты бақылауында», — деп атап өтті ведомство.