$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Щучинск-Астана трассасында жеңіл көлік жанып кетті

AstanaTV
27.04.2025ж. 08:17
239
Щучинск-Астана трассасында жеңіл көлік жанып кетті

Бурабай ауданындағы Щучинск-Астана трассасында жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер автокөліктегі алапат жалынды сөндіріп, жарылыстың алдын алды. 

Өрт аумағы 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Осы ретте Ақмола облыстық ТЖД жүргізушілерден автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.