$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Иран портында жойқын жарылыстан 516 адам зардап шекті

AstanaTV
27.04.2025ж. 10:33
64
Иран портында жойқын жарылыстан 516 адам зардап шекті

Иранның Парсы шығанағы жағалауында орналасқан, Бендер-Аббас қаласынан 23 шақырым батысқа қарай орналасқан Шахид-Раджаи теңіз портында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRIB телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хормозган провинциясының Теңіз порттары мен кеме қатынасы басқармасы басшысының орынбасары Эсмаил Макизаде жарылыс туралы мәлімдеді.

Телеарнаның мәліметінше, отын сақталған резервуар жарылған. Порттың жұмысы толық тоқтатылды. Әзірге қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, алайда 516 адамның зардап шеккені хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалықты қатты болған, оны Бендер-Аббас қаласының және Кешм аралының тұрғындары да сезген.

Кейін оқиға орнында өрт шыққаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар қызметтері өртті сөндіруге тікұшақтарды тартты. Жарылыстың салдарынан порттағы бір ғимарат қирап қалды.

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс қауіпті жүктер мен химикаттар сақталған қоймада болған. Оқиға орнына жақын маңдағы қалалардан 15 жедел жәрдем көлігі және төрт төтенше жағдай қызметінің автобусы жіберілді.