2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жаңалығымен боксшы Instagram парақшасында бөлісті.
"Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін!",-деп жазды ол.
Айта кетсек, Серік Сәпиев бүгінгі таңда Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылық етеді.