Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бас прокурордың мәлімдемесі

AstanaTV
21.05.2016ж. 20:00
1892
Бас прокурордың мәлімдемесі

Кеше республиканың Бас прокуроры Жақып Асанов -Заңсыз шеруге шақыру, ұйымдастыру және қатысу қылмыстық жауапкершілікке соқтырады,- деп, тұрғындарды әртүрлі әңгімелерге ермеуге, сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, Президенттің 6-мамырда Жер кодексінің кейбір бөліктеріне мораторий жариялағанын еске салды, жер реформасын жан-жақты саралайтын арнайы комиссия құрылып, жұмыс бастағанын атады. 

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

«...Жер мәселесі бойынша кез-келген пікір білдіру үшін барлық жағдай жасалған. Алайда,кейбір адамдар осындай жағдай мен заң талаптарын елемей, ортақ диалогтан қашып,халықты заңсыз қарсылық акцияларына шақыруда. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеді. Осыған байланысты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ел азаматтарын мұндай арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершілік танытуға шақырамын. «Прокуратура туралы» Заңның 25-2 бабын басшылыққа алып, заңсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру, тіпті оған қатысудың өзі әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін».

Кеше Алматыда 5 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар пәтерлерінде заңсыз қару сақтап, тамызық ретінде дайындалған қоспасы бар құтылар мен арматура қиындыларын көшеде қалдырған. Ұсталғандардан сұрақ-жауап алынды және ол азаматтармен байланысы барлар іздестірілуде. Бұл ақпаратты Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі мәлімдеді.

Қала тұрғындарынан ақпар жетісімен, полиция Байсейітова көшесі аймағын, Абай даңғылынан Республика алаңына дейінгі аралықты қоршауға алған. Арнайы операция кезінде Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан пәтерлерден «Макаров» тапаншалары, бірнеше шолақ мылтық пен оқ-дәрі, төрт РГД-5 гранатасы, бес миллион теңге табылған.
Бүгін Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха «еліміз бойынша рұқсат етілмеген митингілер өткен жоқ, қоғамдық тәртіп бұзуға жол берілген жоқ», - деп мәлімдеді. 

Алдыңғы жаңалық