$513.68 €583.03 ₽6.24
×

«Мәкең мешіттен шықпай, өнерден кетемін деген» - Дана Тұрарбек

AstanaTV
27.04.2025ж. 12:21
116
«Мәкең мешіттен шықпай, өнерден кетемін деген» - Дана Тұрарбек
Фото: instagram.com

"Өнер қырандары” театрының жетекшісі Мадияр Серікбаевтың әйелі Дана Тұрарбек сұхбатында оның өнерден кетпек болғанын айтты.

Бізде бір кезеңдер болды. Мәкең мешіттен шықпай, ілім алып жүріп, құранға түсіп, тіпті өнерден кетем деген сөздері де болды. Кейін "біз командамыз ғой" деп, балалармен сөйлестік. Оқығанымыз осы, нәпақамызды қалай табамыз? Ұстаздармен ақылдастық. Олар "сен осы өнерде жүріп-ақ Аллаға қызмет ете аласың" деген еді. Сол кезде ойланып, ең алғаш "Рухани мереке" деген кешті өткіздік. Бұл Рамазан айының алдында болатын, - деді актриса.