Өз парақшасында ата-анасының рұқсатынсыз баламен видео жариялап, дұрыс титр қоймағаны үшін басы дауға қалған танымал блогер Daricorn (шын аты — Дариға Нұркеева) буллингтен зардап шеккен баланың отбасынан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баланың отбасымен келісімге келгенін блогердің өзі Instagram парақшасында жариялады. Алдымен ол фотосуретті, содан кейін видео жариялады. Кадрден баланың анасын, баланың өзін және блогерді көруге болады. Видеода жағдай туралы екі тарап сөйлесіп, жалпы шешімге келгені айтылады.
"Көбісі біздің жағдайымыздан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық.Тағы да бәрінен кешірім сұрағым келеді, бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Кішкентай балаларды ересектердің рұқсатынсыз түсіруге, желіге салуға болмайтыны біз үшін ғана емес бүкіл Қазақстанға да сабақ болды деп ойлаймын. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз", - дейді Daricorn.