Спорттық гимнастикадан қазақстандық спортшы Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.
Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, бұл – Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.