$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Трактор пойызбен соқтығысты: қаза тапқан адам бар

AstanaTV
28.04.2025ж. 11:38
75
Трактор пойызбен соқтығысты: қаза тапқан адам бар

Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол апаты болды, пойыз трактормен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан трактор жүргізушісі мерт болған.

"Трактор жүргізушісі жүріп бара жатқан пойыздың алдынан өткелге шығып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Пойыз машинисі шұғыл тежегішті басқанымен, жол апаты болды. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақаттар алып, көз жұмды", - деді ҚТЖ баспасөз қызметі өкілі.

Компания көлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.