Оңтүстік Кореяда оқушы қарумен мұғалім мен балаларға шабуыл жасап, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды.
Оқиға Сеулден оңтүстікке қарай 110 шақырым қашықтықта орналасқан Чхонджу қаласында орын алды. Қаруланған оқушы мұғалім мен бес оқушыға беті мен ішінен жарақат салған. Алайда зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, олардың ешқайсысының жағдайы ауыр емес.
Шабуыл жасаған оқушы оқиғадан кейін жақын маңдағы су қоймасына секірген, алайда құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оның шабуыл жасау себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.