Ұлыбританияда жекеменшік жалға берушілер мен қонақүй иелері аз қамтылған азаматтарды орналастыру үшін нарықтық жалдау құнынан әлдеқайда жоғары ақы алып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының жүргізген зерттеуіне сәйкес, Англияда 100 мыңнан астам отбасы жалдамалы баспанада өмір сүріп жатыр, олардың көпшілігінің үйі жоқ.
Уақытша тұрғын үйде тұратындардың басым бөлігі – балалары бар отбасылар. Қазіргі уақытта елде 164 мың бала уақытша баспанада өсіп жатыр. Бұл отбасылардың шамамен 17 мыңы жалдамалы үйлерде бес жылдан астам уақыт бойы тұрып келеді.
2024 жылы Ұлыбритания билігі уақытша тұрғын үйлерге 2,1 миллиард фунт стерлингтен астам қаражат жұмсады – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен үштен бірге көп.
Бұл ретте, көптеген аз қамтылған азаматтар жатақханалардағы бөлмелерде, жекеменшік пәтерлерде, қонақ үйлер мен мотельдердегі орындарда тіршілік етуде.