$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Иран портында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті

AstanaTV
28.04.2025ж. 15:11
74
Иран портында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті

Иранның оңтүстігіндегі портта болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, 900-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы «Мехр» агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін 28 адамның қаза тапқаны және шамамен 800 адамның зардап шеккені туралы ақпарат тараған еді. Иран билігі дүйсенбі күнін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Жексенбі күні ел президенті Масуд Пезешкиан Бендер-Аббас қаласына барып, құтқару жұмыстарының барысымен танысып, оқиға орнынан соңғы мәліметтер алды. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта қала ауруханаларында жатқан жараланған адамдармен кездесті.

Естеріңізде болса, Иранның Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портында сенбі күні жойқын жарылыс болған.

Бұған дейін кейбір шетелдік ақпарат көздері жарылысқа зымыран жасау үшін қолданылатын материалдар себеп болғаны туралы жазған.

Шахид Раджаи порты — Ирандағы ірі көліктік-логистикалық тораптардың бірі, мұнда мұнай және мұнай өнімдері де тасымалданады.