ШҚО тұрғыны есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында өңір прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері бірқатар құқық бұзушылықтың бетін ашты. Тексеру кезінде жергілікті тұрғынның үйінен жасыл түсті өсімдіктер табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде аталған өсімдіктердің құрамында есірткі заты бар екені анықталып, олардың каннабис екені расталды
Бұған қоса күдіктіден 700 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті есірткі құралдарын заңсыз өсіру, сақтау және тарату заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.