Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып жазым ете жаздады. Шешесі баласын өлімші етіп сабап, ауруханадан бірақ шығарған. Бұл жағдай бір емес, екі рет қайталаныпты. Оны дәрігерлер анықтаған. Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болды. Дәрігерлер полицияға баланың соққыға жығылғанын баяндаған. Тәртіп сақшылары баланы анасының ұрып соққанын анықтады. Қазір нәресте жетімдер үйіне тапсырылды. Ал 4 айлық баланың кәмелет жасына толмаған ағасы да өңірдің балаларды қолдау орталығына берілді. Ал анасы психологиялық ауытқуына байланысты ауруханада ем алып жатыр.
СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛ:
Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы. Ал баласын соққан анаға қатысты сот өтетін болады. Онда ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Өсіп келеді.