$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырып, тұрғындарды алдаған 6 адам ұсталды

AstanaTV
28.04.2025ж. 20:00
149
Өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырып, тұрғындарды алдаған 6 адам ұсталды

Алматы және Алматы облысында өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырып, халықты алдаған 6 адам ұсталды. Олар қоқан-лоқы көрсету арқылы жергілікті тұрғынның қаражаты мен көлігін қолды етті. Келтірілген залал сомасы 12 миллион теңгеден асады. Алаяқтардан жалған қызметтік куәліктер, іс жүргізу құжаттарының бланкілері, оқ-дәрі, мөр, суық қару, сондай-ақ түрлі елдердің мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.