Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың 65 пайызын әйелдер мен балалар сондай-ақ қарттар, деп хабарлады KAZINFORM.
Жарияланған мәлімдемеде израиль әскері Газаның бейбіт тұрғындарын әдейі нысанаға алып, жүйелі геноцид жүргізіп жатқаны атап көрсетілген.
Бар деректерге сүйенсек, қақтығыстар басталғалы бері 18 мыңнан астам бала және 12 400-ден астам әйел мерт болған.
Бұдан бөлек, Израиль әскерінің соққылары нәтижесінде 2 180 отбасы толығымен жойылған, ал 5 070 отбасында тек бір ғана тірі қалған адам бар.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандардың қатарында 1 400-ден астам медицина қызметкері, 113 азаматтық қорғаныс қызметкері, 212 журналист, 750-ден астам гуманитарлық ұйым өкілі, 13 мың студент, 800 мұғалім мен білім саласының қызметкері, сондай-ақ 150 университет оқытушысы мен ғалым бар.
Мәлімдемеде бұл деректердің халыққа бағытталған жүйелі шабуылдарды дәлелдейтіні айтылған.
Газа үкіметі халықаралық қауымдастық пен сот органдарын Израильдің бұл әрекеттерін дереу айыптауға және оның басшылығын бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартуға шақырды.