$523.46 €600.04 ₽6.69
×

«Әкім электрик қызметін атқарып жүр»,- депутат

AstanaTV
28.04.2025ж. 20:00
445
«Әкім электрик қызметін атқарып жүр»,- депутат

Ұлытау облысындағы Қаражал және Жәйрем қалаларында бір жыл ішінде 170 рет жарық сөнген. Бұл туралы депутат Ерболат Сатыбалдин Мәжілістің комитет отырысында айтты. Сөзінше, аталған аумақта тоқ таратушы компания жекенің қолына өткен. Қазір электр желілерін ешкім жөндеп жатқан жоқ. Ал екі жарым мыңдай халқы бар Жезді кентінде электрик жоқ. Оның қызметін әкім атқарып жүрген көрінеді.

ЕРБОЛАТ САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Электр энергиясымен жабдықтайтын подстанция сол күйінде қалған, ашық-шашық жатыр. Халыққа тоқты дұрыс бере алмай отыр. Тариф туралы әңгіме айтудың өзі ұят. Осындай мәселелер бар қазір жер-жерде. Оны қазір тізіп айта беруге болады.