Жамбылда алдағы 5 жылды 10 жаңа су қоймасы салынады. Тағы үшеуі қайта жөндеуден өтпек. Бұл туралы мәжіліс депутаттары көшпелі отырыста айтты. Аграрлы аймаққа жататын Жамбыл облысы егіншілікке бейім. Мұнда су мәселесі қашан да өзекті. Тіршілік нәріне келгенде, көршілес елге тәуелдіміз. Өткен жылы өңірдегі су ресурстарын дамыту үшін Ислам даму банкінен 146 миллиард теңге қарыз алынып, қазір 80 жоба жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ 417 шақырым болатын 76 канал қалпына келтіріледі. Су министрлігі жасаған жаңа ережелерге депутаттар шаруаларға тиімді болу үшін өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Су кодексінің 80 пайызын өзгерттік дейді.
НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Правительственный редакциясында 200 куб су ғана ешқандай проектісіз жинауға болады деп жазылған. Біз ол көреткішті 2 млн кубқа дейін көтердік. Әрбір фермер егер проект жасап, ол проектке рұқсат алып, ол рұсат алу деген көп шаруағой. Сондықтан біз жеңіл болу үшін 2 млн кубқа дейін жинауға өздерінің бөгеттерін жасап, өз учаскелеріне жасауға болады деп сондай өзгеріс енгіздік.
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі есебінен бес ауданда 34 жоба іске асуда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аймақта 80 мың гектардан астам суармалы жер қалпына келіп, су шығыны едәуір азаймақ. Ал су үнемдеу технологияларын пайдаланылатын егістік көлемі 55,4 мың гектарға жетті. Қазір көрші елмен де суға қатысты келісім көп.
СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Үкіметке басқа ұйымдарға берген ұсыныстарымыздың өңірлерде қалай жүзеге асып отырғанын біршіден қарап, бақылап және де қажет болса. Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындау мақсатымен келіп отырмыз. Біздер ертең аудандарға шығамыз су объектілерін қараймыз. Ветеринария объектілерін көреміз. Қалай жетілдіруге болады қалай шешуге болады, соның жолдарын қарап депутаттық үлесімізді қосатын боламыз.