$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Атырау облысында қарақұрт қаптап барады

28.04.2025ж. 20:00
63
Атырау облысында қарақұрт қаптап барады

Атырау облысында қарақұрт қаптап барады. Улы жәндіктен мал-жан  зардап шеге ме деп халық дабыл қағып отыр.  

Далалық жерді айтпағанда,  қарақұрт ауыл іші мен жеке тұрғын үй  аула-қорасында қаптап жүр. Былтыр  ауданда 130-ға тарта малды қарақұрт шағып,   17 түйе, 8 ірі қара мен 5 жылқы сеспей қатқан.   13 адам дәрігерлердің көмегімен аман қалған болатын.  Енді бұқара бұл жағдай биыл да  қайталана ма деп қауіптеніп отыр. Қазір аймақта дизенфекциялау жұмыстары мал иелерінің  қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Өйткені қарақұрт аса қауіпті зиянкестер тізімінде жоқ,- дейді. Айтуларынша, биыл мал да, адам да зардап шекпеген.  

МӘМБЕТҚАЛИ ҚҰСАЙЫНОВ, ИНДЕР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Индер ауданы бойынша 2025 жылдың осы кезеңіне қарақұртпен шағу фактісі тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен қарақұрт ошақтарын жою, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Көтеріліп отырған мәселе бойынша аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестрге тіркеу шараларын қабылдау үшін Атырау облысы әкімдігі менен салалық басқармаларға ұсыныстар жолданды.