Жеңіс күніне орай елордада өтетін әскери парадқа жауынгерлер тас-түйін дайын. Қазір даярлық жұмыстары аяқталуға жақын. Сала министрі Руслан Жақсылықов бөлімшелер мен техникалық экипаждардың дайындығын, жүргізушілердің шеберлігін тексерді. Айта кетейік, әскери шеруге 4000-нан астам әскери қызметші, 200 техника мен 66 әуе кемесі қатысады.
ТІЛЕК СЕРІКБАЕВ, ҚР ҚК ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін мына алаңымызда жаттығуымызды өткіздік. Жаттығуымызға қорғаныс министрі қатысты. Жалпы бүгінгі таңда әскерлеріміз 80 пайыз шеруге дайын. Бүгінгі дайындыққа жаяу әскер де, техника да жұмылдырылды. Барлығы жақсы өтті. Біздің әскер шеруге дайын.