$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Ақтөбедегі 30238 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

28.04.2025ж. 20:00
283
Ақтөбедегі 30238 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Ақтөбеде Жеңістің 80 жылдығы және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай 30/238 әскери бөлімінде мектеп оқушыларына ашық есік күні өтті. Олар түрлі техника мен қару-жарақты, киім үлгілерін көріп, мұражайды аралады. Сонымен қатар оқушылар сарбаздардың  әскери дайындығы мен оқу жаттығуын тамашалады.

НҰРБОЛАТ ЫСҚАҚОВ, 30238 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақтөбе қаласының мектептерімен бірігіп өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге және әскердің имиджін арттыруға арналған бүгінгі шара. Бүгінгі шарада біз әскери бөлімнің техникасын қарау жарақтарын көрсетеміз. Әрбір оқушы ұстап көруге болады, үйренуге болады.