$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Павлодарда «Қайсар» әскери-патриоттық байқауы өтті

28.04.2025ж. 20:00
76
Павлодарда «Қайсар» әскери-патриоттық байқауы өтті

Павлодарда жоғары сынып оқушылары арасында «Қайсар» әскери-патриоттық байқауы өтті. Оған өңірдің 10-шы және 11-сыныпта оқитын 100-ден астам бала қатысты.  16 команда  өзара бақ сынады. Олар нысан көздеу, мылтықты бұзып, жинау, граната лақтыру, кедергілерден өту, арқан тарту секілді спорттық жарыстан сайысқа түсті. Шара «AMANAT» партиясының  «Қайсар» әскери патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мақсатымыз оқушылардың жүрегіне патриоттықты, Отансүйгіштікті тәрбиелеу. Бұл дәстүрлі «Қайсар» жобасы. Әр жылы өтеді. Жеңіске жеткен команда республикалық кезеңге Қарағанды облысында өтетін кезеңге жолдама алады.


АЯЖАН МАҒАМЕТ, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЖАС САРБАЗ ЛИЦЕЙ-МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Мен өз болашағымды әскери жолмен бағыттағым келеді. Әскери ол менің өзімнің патриоттылығым көтеріледі және де мен өзімді сенімдірек ұстаймын. Өзімді жақсы сезінемін осы мектепте.