$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Елорда іргесінде 2000-ға жуық қарағай ағашы егілді

AstanaTV
28.04.2025ж. 20:00
84
Елорда іргесінде 2000-ға жуық қарағай ағашы егілді

Елорда іргесінде 2000-ға жуық қарағай ағашы егілді. Шараны "Таза Қазақстан" акциясы аясында экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырды. Игі іске министрмен бірге барлық қызметкер белсене атсалысты. Қызылжар орман шаруашылығының аумағына егілген көшеттер қоршаған орта үшін аса пайдалы. Ал одан қарапайым қарағай өсіп шығуы үшін шамамен 10 жыл керек.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Өңірлердің бәрінде осы ағаш отырғызу іс-шаралары өтіп жатыр. Бұл, бүкіл, жалпықазақстандық ағаш отырғызу күніне байланысты міне 1 апта болды осы акция жалғасуда. Бұл акциялар осы біздің елдің-мекендеріміздің бәрін жасыл паркке айналдырады.