Алматыда Наурызбай ауданындағы №184 бөбекжай-балабақшасында “Оқы, үйрен, ізден” атты зияткерлік семинар өтті. Шараға мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері қатысты. Балалар түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін ортаға салды. Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі де талқыланды. Семинарға қатысқан мектеп директорлары мектепалды даярлық топтарында қандай жұмыстар жүргізілетінін, білім мазмұнының мемлекеттік стандартқа сәйкестігін көрді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар балабақша түлектерінің мектеп өміріне бейімделуіне оң әсер етеді.
САЛТАНАТ ҚҰСАЙНОВА, НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл семинардың ерекшелігі мынау мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық. Яғни бұл семинарға мектептің басшылары да қатысып отыр Наурызбай ауданындағы. Себебі бұл балабақшаны бітірген түлектер балабақшаны бітіргеннен кейін мектептің табалдырығын аттап жаңағы 1-ші сыныпқа келеді. Міне осы мектеп пен балабақша арасындағы балабақшаның тыныс тіршілігі мен танысу мақсатында үлкен мазмұнды іс шара өтіп жатыр дегім келеді.