Елімізге футбол аңыздары келді. Елорда төрінде әлем жұлдыздары Қазақстан құрамасына қарсы ойнады. Бұрынғы футболшылар арасындағы тартысты кездесуде 4 гол соғылып, тіпті дубль тіркелді. Спорттағы жаңалықтармен әріптесім Айбек Салдатбек таныстырады. Ал мен сіздермен қоштасам. Аман-сау болыңыздар!!!
Ар ма ағайын! Әйгілі Бербатов, Матераццилер бастаған жұлдыздар Астана аренада Қазақстан құрамасына қарсы матч өткізді. Алдымен әлем футболының ардагерлері есеп ашты. Екінші таймда Азат Нұрғалиев дубль жасап, ұлттық құраманы алға шығарды. Көп ұзамай Давид Лорияның қақпасына пенальти белгіленіп, оны болгариялық шабуылшы Димитар Бербатов сәтті орындады. Осылайша жолдастық кездесу 2-2 есебімен аяқталды.
Болашақ жұмысшы мамандар арасында футзалдан турнир өтті. Жарысқа елордадағы барлық кәсіптік-тенхикалық колледж студенттері қатысты. Доп додасы Астана техникалық колледжінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған. Шараға "AMANAT" партиясының қалалық филиалы қолдау көрсетті. Аталмыш "Т-Лига" турнирі дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Футболшы жастар да мұқият дайындықпен келеді. Биыл 8 оқу орнынан студенттер қатысты.
НҰРТАЙ ТЕМІРБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Ойын жақсы, жоғары деңгейде өтіп жатыр. 7 жыл көлемінде ойнап келе жатырмын. Футбол маған өзімнің өмірім десем де болады. Мен футболға өз өмірімді арнаймын. Маған өте ұнайды.
МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Жақсы дамыған спорт түрі бұл - футбол. Сондықтан да футболға жастардың қызығушылығы өте жоғары. Ұлт саулығы бұл - болашағымыздың жарқын кепілі. Соның ішінде жастардың спортпен айналысуы, денсаулық сақтауда мынау спорт түріне баулу, дәріптеу, насихаттау бұл өте маңызды.
Барселона Испания кубогін көкке көтерді. Финалдағы эль-классико тартысқа толы болды. 90 минутта командалар 2-2 есебімен тең тарқасып, жеңімпаз экстра-таймда анықталды. 116 минутта қорғаушы Жюль Кунде қарсыластың қателігін сәтті пайдаланып, гол соқты. Матчта бірнеше мәрте пенальти белгіленіп, вардың шемімімен өзгертілді. Жанкүйерлер сағынған кездесуде ойыннан соң Реалдың 3 бірдей футболшысы қызыл қағаз алды. Каталониялықтар Испания кубогін 32 рет жеңіп, биыл требл жасауға жақындап отыр.
Менде бар ақпарат легі осындай. Жақылықты жүздескенше есен-сау тұрыңыздар!