$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде

AstanaTV
29.04.2025ж. 06:33
52
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде

Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес Альмейда қалаға электр жарығының сөнуіне байланысты туындаған төтенше жағдайды еңсеруге көмектесу үшін әскерилерді жіберуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Mundo газетінің хабарлауынша, Испания астанасының қалалық кеңесі кешке дейін электр қуаты қалпына келмесе, жағдайдың ушығып кету ықтималдылығынан қауіптеніп, қобалжулы. 

"Мэрге жақын дереккөздердің айтуынша, ол да аймақ басшысы Исабель Диас Аюсоның Мадридке әскер әкелу туралы өтінішіне қосылған", делінген хабарламада.