Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясы мүгедекке көмектесті

AstanaTV
29.06.2017ж. 20:00
2809
«Нұр Отан» партиясы мүгедекке көмектесті

Қарағанды қаласында 14 жыл бойы ауыз сусыз тұрған мүгедек әйелдің пәтеріне су берілді. Кезінде қиып тастаған құбырды «Қарағанды Су» компаниясы мәселеге «Нұр Отан» партиясы араласқан соң қайта қосып берген.

44 жастағы Любовь Платова - 1 топтағы мүгедек. 13 жыл бұрын көлік апатына ұшырап, омыртқасынан ауыр жарақат алған. Оқыс оқиғаның салдарынан ішіндегі екі егіз шаранасынан да айырылған. Кешікпей күйеуі де қайтыс болады. Қазір өздігімен жүріп-тұра алмайтын әйелдің бірде-бір туысы жоқ. Сау кезінде өзі кондитер, күйеуі МАИ қызметкері болғанын ол сағынышпен еске алады.

Санасын сырқат билегендіктен, суық суды қиып кеткен компанияға шағымдану ойына да келмегенін айтты. Тек биыл ғана әлеуметтік қызметкердің кеңесімен билік партиясынан көмек сұраған. Сөйтіп, «Қарағанды Су» кезінде коммуналдық жүйелерді жөндеу үшін қиып, кейін қосуды ұмытып кеткен ауыз су құбыры қайта қосылды. Белсенділер демеушілер тауып, Любовь Платованың пәтерін жөндетпек. Осылайша жыл басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 300-ге жуық отбасына көмек көрсетілген.

Любовь Платова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

14 жыл бойы мен ауыз сусыз тұрып келдім. Қаражатым да, жағдайым да болмады. Суды сатып немесе көршілерден алатынмын. «Нұр Отан» партиясы суық су құбырын қостырып берді. Партияға алғысым шексіз.

Бейбіт Қуанышев, «Нұр Отан» партиясының ҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

«Нұр Отан» партиясының басты мақсаттарының бірі - мүгедектерге, жағдайлары нашар азаматтарға, көп балалы аналарға, жетім балаларға көмек көрсету. Биылғы жылы 3 жүзден астам осындай азаматтарға көмек көрсеттік.