$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Кәрім Мәсімовтің 1,6 млрд теңге тұратын зәулім сарайы сатылмайтын болды

AstanaTV
29.04.2025ж. 07:39
56
Кәрім Мәсімовтің 1,6 млрд теңге тұратын зәулім сарайы сатылмайтын болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі қаланың әлеуметтік қажеттіліктері үшін тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мәлім етті. Белгілі болғандай, мүліктің бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңгені құрады.

Алайда компания Астана әкімдігінен аталған мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалануға беру туралы ресми өтініш алған.

«Өтініштің әлеуметтік маңыздылығын және заңнама нормаларын ескере отырып, нысан электрондық сауда жоспарынан шығарылды. Нысанды одан әрі пайдалану жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен айқындалады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, зәулім сарай қазір түрмеде отырған Кәрім Мәсімовке тиесілі болған. Ол ұсталған соң үйінен 17,2 миллион доллар қолма-қол ақша, қымбат сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және басқа да құнды заттар тәркіленді. Үйдің ішінде бассейн, спорт залы, би алаңы және кинотеатр бар.